- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданындағы Оқушылар сарайының ашылуына қатысты
Жалпы ауданы 9881 шаршы метрден асатын үш қабатты заманауи ғимарат 1 ауысымда 500 орынға лайықталған. Оқушылар сарайы қосымша білім берудің сапалы қызметін қамтамасыз етуге қажетті барлық жабдықтармен толық қамтылған.
Мұнда 7-18 жас аралығындағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика шеберханасы, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан, бұл балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
- 31.01.2025
- 36