• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Минскіде Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі өтті

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Беларусь Республикасына екі күндік жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Иван Крупкомен кездесті. Бұдан соң ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын әзірлеу жөніндегі Қазақстан-Беларусь жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.

Сондай-ақ, министр №1 Минск сүт зауытына, тауарлы-сүт фермасына және «Дзержинский» агрокомбинатының құс фабрикасына барды.

Бүгін Сапархан Омаров «Белгоспищепром» концернінде келіссөздер жүргізбек. Одан кейін «Минск» трактор зауытына, Беларусь Мемлекеттік аграрлық техникалық университеті жанындағы АӨК кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтына, «Беларусь ҰҒА Ауыл шаруашылығын механикаландыру жөніндегі ғылыми-практикалық орталығы» республикалық біртұтас кәсіпорнына барады.

Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінде өткен кездесуде Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлерінің екі елдің АӨК саласындағы ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі келісімдерін дамыту үшін Сапархан Омаров пен Иван Крупко ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін ұлғайту, аграрлық ғылымға, сүтті мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына қатысты өзара іс-қимылды арттыру мәселелерін талқылады.

Министр Сапархан Омаров достық қарым-қатынастағы бұл елдің ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу, сапалы әрі қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндірудегі тәжірибесі назар аудартатынын атап өтті.

Сонымен қатар, министрлер екі ел президенттерінің ҚХР нарығына шығу үшін Қазақстанда бірлескен сүт өндірісін құру туралы тапсырмаларын іске асыруды талқылады.

Осыдан кейін Сапархан Омаров азық-түлік қауіпсіздігі және импортты алмастыру тақырыбы аясында бау-бақша шаруашылығы жөніндегі ынтымақтастық мәселесін қозғады. Ол Қазақстан қарқынды баққа көшетінін, күнбағыс пен  сүйекті жеміс дақылдарының көшеттерін өндіретін ірі In-vitro зертханасын салу жоспарланғанын хабарлады. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Беларусь компанияларын жобаның бірлескен инвесторы болуға шақырды.

Кеңейтілген құрамда көтерілген мәселелерді талқылау ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын әзірлеу жөніндегі Қазақстан-Беларусь жұмыс тобының алаңында жалғасты.

Отырыс өзара түсіністік және іскерлік әріптестік деңгейінде өтті. Тараптар агроөнеркәсіп кешені саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ниет білдірді.

  • 25.02.2021
  • 304
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика