• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан ТЖМ басшысы республикалық кеңесте су тасқынынан қорғау шаралары туралы айтты

  Қазақстан Республикасының ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөз сөйледі. Ведомство басшысы өз сөзінде су басу қаупін азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен су тасқыны маусымына дайындық туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

  Шыңғыс Әрінов өткен жылғы  су тасқынынан кейін жасалған қорытынды негізінде алдын алу жүйесі айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Биыл су тасқыны қаупі бар аймақта 1 223 елді мекен бар. Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды. 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, сондай-ақ қауіпті учаскелердегі өзен жағалаулары нығайтылып, арналары тереңдетілді.

  «Барлық өңірлерде алдын алу іс-шаралары толық аяқталған жоқ, бұл жекелеген елді мекендерге айтарлықтай қауіп төндіреді. Аталмыш жағдай Үкімет аппаратымен бірлескен тексерулер барысында анықталды. Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті жүзеге асырады. Тіпті әкімдерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға дейін тиісті шаралар қабылдайтын болады», - деп министр атап өтті.

  Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оның барысында бөгендерді нығайту, инертті материалдарды дайындау шаралары, сондай-ақ халықты хабардар ету және эвакуациялау механизмдері тексерілді. Оқу-жаттығу Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде өтті, осыған ұқсас іс-шаралар наурыз айында басқа облыстарда жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен су тасқынын жою бойынша іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

  Су тасқынына жедел ден қою үшін 37 мыңнан астам адам, 13 мыңнан астам техника күштер мен құралдар топтамасы құрылды. Зардап шеккендерді қабылдау үшін 3,5 мыңнан астам пункт дайындалды. Дайындық режимінде нақты уақыт режимінде ақпаратты үйлестіру мен беруді қамтамасыз ететін құтқару авиациясы мен жедел топтар бар.

  Қазгидрометтің мәліметінше еліміздің тоғыз облысында су басу қаупі жоғары болады деп болжануда. Осыған байланысты әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға қарды уақтылы шығару, мұз кептелістерін болдырмау үшін өзендерде жару жұмыстарын жүргізу және бөгендер мен су қорғау объектілерін нығайту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

  Барлық күштер мен құралдар дайын, қауіп төнген жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мен халықты эвакуациялау үшін жедел жұмылдырылатын болады деп ТЖМ басшысы мәлімдеді.

  Төтенше жағдайлар министрлігі тасқын қауіпті кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

  • 13.02.2025
  • 53
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика