- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Қаламызға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау.
Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары 500 балаға арналған №2 Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Мұнда оқушылар ғылым, өнер және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Жалпы құны 254 млн теңге болатын жобаны іске асыру қаланың білім беру инфрақұрылымын жетілдірудің жарқын үлгісі болды.
Сондай-ақ делегация сенімгерлік басқаруға берілген және 250 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз ететін «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты.
Әрі қарай Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.
- 17.02.2025
- 36