• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Иран Ислам Республикасына жұмыс барысымен барды. Сапар аясында Вице-министр Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясының ашылуына қатысып, Иран тарапының өкілдерімен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізді.

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Қазақстан мен Иран арасындағы Ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының 1-ші отырысында вице-министр елдер арасындағы агросекторда сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.

2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара тауар айналымы 220,1 млн АҚШ долларын құрап, өсім 2023 жылмен салыстырғанда 33,2% жетті.

«Иран Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық серіктесі болып табылады. Біз Иран нарығына астық, ет өнімдері, өсімдік майлары мен кондитерлік өнімдер экспортын кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз, Иран арқылы Парсы шығанағы елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзитін ұлғайтуға дайынбыз", – деп атап өтті вице-министр Ермек Кенжеханұлы..

Отырыс барысында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, қазақстандық тарап дәнді-бұршақты дақылдар және арпаны, 500 мың тонна күнбағыс майы мен күнжараны, қой еті мен тірі малды Иранға жеткізу мәселелерін пысықтады.

Өз кезегінде Иран ірі қара, ұсақ мал, жылқы терісін экспорттауға ветеринариялық сертификатты келісуді жеделдетіп, иран ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтады.

Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу бағдарламасын әзірлеуге, Бендер-Аббас порты арқылы ұн жіберу үшін Иранның транзиттік әлеуетін пайдалануға, бекіре және албырт балықтарын өсіру, балық азығын өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды қарауға келісті.

Отырыста «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ мен Fawakeh Trading Company (Иран) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ИИР Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелджемен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымын ұлғайту перспективаларын, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу, қазақстандық агроөнімнің Иран арқылы транзиті мәселелерін талқылады.

ИИР жол және қала құрылысы министрі Садег Фарзанемен кездесудің негізгі тақырыбы Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығу үшін Иран порттарын пайдалануды қоса алғанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту болды.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында вице-министр Solica Group компаниясына барды, оның өкілдерімен бірлескен инвестициялық жобалар, соның ішінде Қазақстанда фри, балалар тағамы және ірімшік өндіретін зауыттар құрылысы талқыланды.

Кездесулер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, аграрлық өнімді жеткізу көлемін ұлғайту және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бұдан әрі жұмыс үкіметаралық комиссия және ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде жалғасады.

  • 17.02.2025
  • 44
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика