- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ҚАЗҰУ ҒАЛЫМДАРЫ ТҮЙЕТАБАН ӨСІМДІГІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕП ЖАТЫР
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрілік препараттарды әзірлеу тәсілдерін жетілдірді. Университет мамандары Іле-Балқаш өңірінде өсетін бұршақтүсті түйетабан өсімдігін зерттеп, оның қатерлі ісік ауруына қарсы белсенділігін анықтады.
Бұршақтүсті түйетабан ертеден халық медицинасында кеңінен қолданылған. Дегенмен аталған өсімдік ғылыми тұрғыда толық зерттелмеген. ҚазҰУ ғалымдары алғаш рет оның құрамындағы фитохимиялық және биологиялық белсенді заттарды анықтауға бағытталған ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта отандық фармацевтиканы дамытуға септігін тигізбек.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../sci/press/news/details/942014...
- 20.02.2025
- 17