• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан ТЖМ басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Мемлекет басшысының қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тапсырмаларын іске асыруға арналған жұмыс кеңесінде сөз сөйледі.

  Министр өз баяндамасында 2024 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 1 мыңнан астам тексеру жүргізгенін, 27 мыңнан астам бұзушылық анықталғанын, 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 424 тексеру жүргізу жоспарланған.

  Бақылаудағы объектілердің жалпы саны 217 мыңнан астам техникалық құрылғыларды қоса алғанда, 10 мыңнан асады. Соңғы үш жылда олардың саны 20%-ға өсті, ал инспекторлар саны өзгеріссіз қалды — бүкіл ел бойынша 381 құрайды.

  2024 жылы жарақат алғандар санын 7 есеге және қаза тапқандар санын 6 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Қауіпті өндірістік нысандарда барлығы 21 авария тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Оқиғалардың ең көп саны мұнай-газ және тау-кен салаларына тиесілі.

  «Өткен жылы Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру шеңберінде объектілерді цифрландыруды ескере отырып, барлық нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды күшейту, ғылымды дамыту және тиісті орталықтар құру, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жоспарлануда», - деді министр.

  Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жекелеген талаптар қайта қаралуда. Азаматтық қорғау жөніндегі заң жобасы шеңберінде авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылуда, өндірістік бақылау жөніндегі талаптар күшейтілуде, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілер иелерінің жабдықтарды жаңарту және жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттері көзделген. Бұдан басқа, өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілерінің паспорттарын құруға, аварияларды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-КПБ» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарлануда.

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелерді бірыңғай бөлімше Төтенше жағдайлар департаментіне орталықтандыру аяқталды. Бұл артық басқару буындары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай, төтенше жағдайлардан халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік басқару мен бақылаудың нақты вертикалын құруға мүмкіндік берді.

  Жалпы Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс тиімділігін арттыруға және азаматтар үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.

  • 21.02.2025
  • 50
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика