- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындардың қызметімен танысты.
“Шымкент химиялық компаниясы” ЖШС-не арнайы жұмыстарымен танысты. Бұл кешен қаланың өңдеу өнеркәсібіне елеулі үлес қосып, отынның октан санын арттыруға арналған метил-трет-бутил эфирін шығарады. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 57 мың тонна өнім.
Әрі қарай “Arnatex” ЖШС-нің өндіріс цехтарын аралау жұмыстарын жүргізді. Бұл компания тоқыма емес және геосинтетикалық материалдар өндіруге маманданған. Мұнда 40-тан астам қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорын тоқыма саласын дамытып, өнімін көрші елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.
- 21.02.2025
- 25