- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында МПС 9 мекенжайында тұратын сегіз отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады.
Өздеріңізге белгілі, бұл тұжырымдаманың алғашқы кезеңі – көпқабатты үй тұрғындарын реновация бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен көшіру. Пәтер иелеріне бөлме саны тең, таза әрлеумен дайын жаңа баспана беріледі.
Қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, жаңа шаңырақта жылылық, жайлылық пен қуаныш тіледі. Бұл қадам қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және мегаполистің дамуына бағытталған. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 22 отбасы баспанасын кеңейтіп, тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.
- 24.02.2025
- 21