- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТИМЬЯННЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚҰПИЯЛАРЫН АШТЫ
Марғұлан университетінің ғалымдары тимьян (чабрец) өсімдігіне қатысты зерттеулер жүргізіп, оның бұған дейін белгісіз болып келген генетикалық құпияларын ашты.
Ғылыми жұмысты Марғұлан университетінің «Биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының» директоры, профессор Бибігүл Жұмабекова бастаған ғалымдар тобы жүргізді. Олар Баянауыл ұлттық паркінің табиғи жағдайында өсетін тимьянның екі түріне жататын 26 популяциясын зерттеді. Қазақстанда бұл өсімдікті мұндай ауқымда зерттеу алғаш рет жүргізіліп отыр.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../sci/press/news/details/944549...
- 24.02.2025
- 29