• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биржалық сауданы жетілдіру туралы заң жобасы бизнес қауымдастықпен талқыланды

2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың төрағалығымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бойынша кеңес өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев, сондай-ақ бизнес ортаның өкілдері қатысты.

Осылайша, тауар биржаларын жетілдіру және дамыту бойынша әзірленген заң жобасында бизнес орта өкілдері арасында қоғамдық резонанс тудырған екі норма көзделген.

Жаңалықтардың бірі тауар биржаларының жарғылық капиталын 300 - ден 700 мың еселенген АЕК-ке дейін ұлғайту болды, оған кемінде 25% ақшалай баламада енгізу талап етіледі, қалған 75% - бағалы қағаздармен және өтімді жылжымайтын мүлікпен (пайдалануға берілген, ауыртпалық салынбаған және елді мекен шегінде орналасқан ғимараттар, құрылыстар).

Бұл ретте заң жобасында жарғылық капиталды ақшалай қалыптастыру бойынша 3 жылдық мерзімді және жарғылық капиталды 700 мың еселенген АЕК-ке дейін жеткізу бойынша 5 жыл мерзімді кейінге қалдыруды белгілеу ұсынылады.

Сонымен қатар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аталған мерзімдерді 6 айға дейін қысқартуды ұсынады.

Өз кезегінде, Сауда министрлігі мерзімдерді 18 айға дейін қысқартуға болады деп санайды.

Сондай-ақ, биржалық сауда-саттықты тек биржалық тауарлармен ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Сауда министрлігі тауар биржалары мен электрондық сауда алаңдарының аражігін ажыратуды белгілеуді, бұл ретте биржалардың сауда-саттықты тек биржалық тауарлармен ұйымдастыруын көздеуді ұсынады.

Бұл норма халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру мақсатында, сондай-ақ тауар биржалары мен электрондық сауда алаңдарын шектеу үшін ұсынылады. Тауар биржаларында тек биржалық тауарлармен сауда жасау мүмкіндігі болады. Өз кезегінде, биржалық нарықтың әлсіз ойыншылары ЭСА санатына өтеді.

Бизнес-қоғамдастықтың пікірлерін талқылау және есепке алу қорытындылары бойынша Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ақша түрінде биржалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мәселесін пысықтауды, сондай-ақ тауар биржаларының меншікті капиталының ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мәселесін қарауды ұсынды.

"Сондай-ақ, тауар биржаларында тек стандартталған тауарлармен тауар биржаларында жаппай саудаға көшу үшін стандартталмаған тауарларды стандарттау бойынша жұмыс жүргізу қажет", - деді Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, ведомство басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасына жаңа құралдарды енгізу үшін 2021 жылғы 2 наурызда сағат 17:00-ге дейін жұмыс тобын құруды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіру қажеттігін атап өткен болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында Сауда және интеграция министрлігіне тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша ЖҰЖ-ның 46-тармағында көзделген іс-шара бекітілген.

 

 

 

 

Құрметпен,

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

баспасөз қызметі

Тел.: 8(7172)74-98-94

www.mti.gov.kz

https://www.facebook.com/mtiqz/ 

https://t.me/tradenewsQZ

  • 26.02.2021
  • 241
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика