• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова Қазақстанда еңбек нарығы қалай дамитыны туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова Қазақстанда тиімді еңбек нарығын қалыптастыру үшін жұмыстың 5 негізгі бағытын атап өтті. 

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Парламент депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет аппаратының өкілдері, ЕХӘҚ вице-министрлері, аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары, ЕХӘҚМ бағынысты ұйымдарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен әлеуметтік әріптестер және өзге де жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Министр өз сөзінде халықты жұмыспен қамту ведомство жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Бүгінде еңбек нарығы жұмыс күшінің сапасының төмендігі, жұмыс орындарының жеткіліксіздігі, цифрландыру салдарынан еңбек ресурстарының босатылуы, бейресми жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі және т.б. сияқты күрделі сын-тегеуріндерге тап болып отыр, біздің мақсатымыз – тиімді еңбек нарығын құру, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету», – деді Светлана Жақыпова.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін Еңбекмині 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді.

«Біріншісі – еңбек ресурстарын жоспарлауды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы мемлекеттік және жеке инвестициялардың тиімділігін арттыру. Ол үшін біз кадрларға қажеттілікті талдау мен болжауды және іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін іске асыруды мониторингтеуді қамтамасыз ететін жобалардың инновациялық навигаторын әзірледік. Қазіргі уақытта жүйеде 168 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 906 жоба бойынша мониторинг жүргізілуде, ол сондай-ақ жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тығыз байланысын қамтамасыз етеді, еңбек ресурстарының құзыреттері мен дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды. Оның негізінде ТжКБ білім беру бағдарламалары өзектендірілетін болады», – деді министр.

ЕХӘҚМ басшысының айтуынша, алдағы уақытта платформа мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрамдас бөлігі болады. Оның негізінде өңірлер мен елді мекендердің даму бағыттары айқындалады.

Екінші бағыт – сапалы жұмысшылар санын арттыру.

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл өңірдегі медиандық жалақыдан жоғары, негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар алты айдан астам тұрақты жұмыс орны.

2024 жылы қосымша 211 мың сапалы жұмыс орны құрылды. Олардың экономикадағы жалпы саны 2,5 млн-ға жетті, 2030 жылға дейін біз 3,8 млн-ға дейін жұмыс орнын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Үшіншісі – олардың атаулылығын арттыру үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын трансформациялау.

«2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 325 мың адам қамтылды. Алайда, бұл шараларда халықтың әлеуметтік осал топтарының үлесі тек 10%-ды құрады. Біздің міндетіміз – жұмыспен қамтудың белсенді саясатының атаулылығын арттыру. Ол үшін біз әлеуметтік трансферттерді қайта құрылымдауды қарастыратын өзгерістер пакетін дайындадық», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Төртінші бағыт – экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеуетті күшейту.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.

Студенттердің практикалық дағдыларын игеру үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практиканың функционалы іске қосылды. 

Skills Enbek ұлттық онлайн оқыту платформасы сәтті дамып келеді. Бүгінде онда 856 курс бар, 500 мыңнан астам адам тіркелген.

Бесінші – жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыспен қамтуды ресімдеу.

«Тіркеудің оңайлатылған рәсімімен платформалық жұмыспен қамтуды реттеу заңнамалық түрде енгізілді. Бүгінгі таңда 51 мыңнан астам такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, 78,3 млрд теңге сомасына 63 млн фискалдық чек жазылды. Бұл платформа арқылы жұмыс істейтіндерді әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне заңдастыру мен интеграциялаудың маңызды қадамы», – деді Светлана Жақыпова.

Еңбекмині ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ресімдеу үшін еңбек ресурстарын нормалау және жоспарлау жүйесі әзірленді.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін hr.enbek.kz платформасында деректерді жинау мен талдауды қолдайтын жаңа функционал пайда болды.

Осы жүйені енгізу нәтижелері ауыл шаруашылығында ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, оның елдің ЖІӨ құрылымындағы үлесін арттыруға, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ресімдеу мен ұлғайтуға және ауыл тұрғындарының қалаларға көшуін азайтуға ықпал ететін болады.

  • 27.02.2025
  • 45
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика