• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова көші-қон саясатының іске асырылуы туралы хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова Қазақстандағы көші-қон саясатының іске асырылуы туралы айтты. 2024 жылы өңіраралық қоныс аударуды ынталандыру, ішкі еңбек нарығын қорғау, білім трансферті, шетелдік жұмыскерлерді заңдастыру және шетелге жұмысқа шығатын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін шаралар қабылданды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Парламент депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет аппаратының өкілдері, ЕХӘҚ вице-министрлері, аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары, ЕХӘҚМ бағынысты ұйымдарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен әлеуметтік әріптестер және өзге де жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Министр өз сөзінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон саясаты тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына тұтастай қол жеткізілгенін атап өтті.

Сонымен бірге көші-қон процестері халық санына әсер етеді. Соңғы 5 жылда  халықтың ең көп азаюы Солтүстік Қазақстан (7%-ға) және Қостанай (5% - ға) облыстарында байқалады.

«Көп жағдайда көші-қон өңірлердің инфрақұрылымының сапасының төмендеуіне, тіршілікті қамтамасыз ету жағдайларына, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің болмауына және т. б. байланысты мәжбүрлі сипатта болады.

Жұмыс күші тапшы өңірлерден 5 жыл ішінде халықтың біржолата көшіп кетуі 103,1 мың адамды құрады, бұл ретте басқарылатын ағын есебінен кеткен халықтың 31%-ы өтелді», – деді Светлана Жақыпова.

Қоныс аударуды ынталандыру үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Қоныс аударушыларға бес жыл мерзімге жерді уақытша пайдалануға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алуда жеңілдіктер берілді. Қоныс аударушыларға төленетін субсидиялар банктер мен өзге де қаржы ұйымдары алдындағы несиелік міндеттемелер бойынша өндіріп алудан қорғалған.

2024 жылдан бастап еңбек мобильділігі орталықтары қоныс аударушылар мен қандастардың отбасыларын жергілікті қоғамдастыққа біріктіру үшін сүйемелдеуді жүзеге асырады. 25 жаңа бейімдеу және интеграциялық қызметтер енгізілді, оларды көрсету мониторингі Отбасының цифрлық картасы және FSM Social мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

«Сонымен бірге өткен жылы қоныстандырудың барлық өңірлерінде прокуратура 1 млрд-тан астам теңгеге азаматтарды жалған құжаттар негізінде көшіру фактілерін анықтады.

Осыған байланысты біз жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелерді болдырмау үшін ерікті қоныс аудару кезінде құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптарды күшейттік.

Қазіргі уақытта Парламент Сенатының жанынан жұмыс тобы құрылды, оның шеңберінде ерікті қоныс аудару тетігін жетілдіру, көші-қон процестерін реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар пысықталуда», – деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Министр сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ЕХӘҚМ жыл сайын шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны қысқартатынын хабарлады.

Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілді.

АЭА қатысушылары үшін кадрлардағы жергілікті қамту бойынша жағдайларды қамтамасыз ету тетігі іске қосылды.

«Көші-қон саласында цифрлық шешімдерді белсенді енгізу шетелдік жұмыс күшін заңдастыруға мүмкіндік берді. Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлар көмегімен 8 мыңнан астам шетелдік өздерінің еңбек шарттарын тіркеп, Қазақстанда болуды заңдастырды», – деп толықтырды ЕХӘҚМ басшысы.

Шетелге жұмысқа баратын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Қатар және Ұлыбританиямен үкіметаралық құжаттарға қол қойылды. Корея Республикасымен келісім жасасу мәселесі пысықталуда.

Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіптік және тілдік даярлау орталықтары ашылды.

  • 27.02.2025
  • 43
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика