• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген алқа отырысында министр Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету, объектілердің қолжетімділігін арттыру және оңалту іс-шараларының нәтижелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Парламент депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет аппаратының өкілдері, ЕХӘҚ вице-министрлері, аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары, ЕХӘҚМ бағынысты ұйымдарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен әлеуметтік әріптестер және өзге де жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Алқа отырысы барысында Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бүгінде 737,4 мың адам немесе халықтың 3,6%-ның мүгедектігі бар. Олардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 15%-дан астамы  балалар, 30%-ға жуығы зейнеткерлер.

18 жастан асқан адамдар арасында мүгедектіктің себептері ішінде психикалық бұзылулар (18,1%), қан айналымы жүйесінің аурулары (17,2%) және жарақаттар (12,9%) басым. Балалардың мүгедектігінде жүйке жүйесінің аурулары (26%), туа біткен ақаулар (24,6%) және психикалық бұзылулар (23,8%) басым. Соңғы 3 жылда балалардың мүгедектік көрсеткіші 10% - ға өсті.

«2024 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 512,3 мың адам техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтылды.

Министрлік тұрақты негізде Порталды жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері жосықсыз жеткізушілердің 3400 өтінімі алынып тасталды, 5 мыңнан астам қайталанатын карточкалар жойылды, соның ішінде  түрлі жалған акциялар өткізіп, сыйақылармен жарнама жасағандар бар.  Жеткізушілердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді, атап айтқанда 3 күн ішінде өнімді беру немесе тауарларды жеткізу туралы мәліметтер болмаған кезде тапсырыс жойылады. Сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу үшін ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайтадан қаралуда», – деді Светлана Жақыпова.

Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мониторингі интерактивті қолжетімділік картасы арқылы жүзеге асырылады. 2024 жылы әлеуметтік нысандардың 40%-дан астамы қолжетімділікпен қамтамасыз етілді, 2695 тексеру іс-шаралары жүргізілді. Биыл бұл көрсеткіш 60% - ға дейін ұлғайтылады.

«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған 4 жаңа заманауи оңалту орталығы (Семей, Тараз, Кентау және Орал қалалары) және аутизм спектрі бұзылған және басқа да ментальды бұзушылығы бар балаларға арналған 7 күндізгі болу орталығы (Шымкент, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қостанай және Ақтөбе қалалары) ашылды.

Төрт өңірде «Қазақстан Халқына» қорымен бірлесіп, инновациялық оңалту құралдарын  қолдана отырып, үйде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту бойынша пилот іске асырылуда (Семей, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалалары)», – деді Светлана Жақыпова.

Министр оңалту іс-шараларының бақылауы мен тиімділігін арттыру үшін Оңалтудың цифрлық күнделігі іске қосылғанын, нозология түрлері бойынша әлеуметтік оңалту хаттамалары әзірленгенін айтты.

2024 жылы 13 мыңға жуық адам толық оңалтудан (қайта куәландырылған мүгедектігі бар адамдардың 7,2%) өтті және 11 мыңнан астамы анағұрлым жеңіл мүгедектік тобына ауыстырылды.

Сөз соңында Светлана Жақыпова Еңбекмині 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыруға кіріскенін, оның шеңберінде мүгедектікті танудың дәстүрлі және медициналық модельдерінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу жүзеге асырылатынын хабарлады.

  • 27.02.2025
  • 43
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика