• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АШМ МЕН ФАО ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ФАО-ның бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша Өңірлік өкілі Виорел Гуцу мырзамен кездесу өткізді.

Айдарбек Сапаров Қазақстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

ФАО 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы және 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жоба сияқты стратегиялық құжаттарды әзірлеуге техникалық қолдау көрсетті. 2024 жылдан бастап Қазақстан мен ФАО арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік бағдарламасының қаржыландырылуы басталды, оның аясында тұқым шаруашылығы мен жердің тозуына қатысты бірқатар бастамалар жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстанда 55 техникалық көмек жобасын іске асырып жатыр.

«Біз АӨК-ні цифрландыру, топырақтың құнарлылығын арттыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану және ауыл шаруашылығына инновациялық шешімдерді енгізу бойынша ФАО бағдарламаларына белсенді қатысуға ниеттіміз. Біздің тараптан жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе мен геоақпараттық жүйені әзірлеу және енгізуге қызығушылық бар», – деп атап өтті министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін АӨК-не цифрлық технологияларды, әсіресе мал шаруашылығы өнімінің қадағалануын қамтамасыз ету саласына енгізу, сондай-ақ өсімдік шаруашылығында қадағалау жүйесін әзірлеу ерекше маңызға ие.

ФАО-мен өзара іс-қимылдың тағы бір негізгі аспектісі – ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қолдау және Қазақстанды халықаралық азық-түлік тізбектеріне интеграциялау. ФАО-мен ынтымақтастық өнімді халықаралық талаптарға сай сертификаттау және стандарттау үдерісін жеделдетуге, сондай-ақ Африка мен Азия елдеріне арналған ФАО азық-түлік көмегі бағдарламалары аясында қайта өңделген өнім жеткізілімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Виорел Гуцу министрге тығыз және нәтижелі ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, ФАО мен Қазақстан арасындағы әріптестіктің оң динамикасын атап өтті.

«Бізде белсенді ынтымақтастық бағдарламасы бар, болашаққа үлкен жоспарларымыз бар. Бүгін айтылған әріптестік бағыттары өте маңызды және өз жалғасын табады», – деп атап өтті Виорел Гуцу.

Тараптар ФАО мен Қазақстан арасындағы әріптестік бағдарламасына негізделген ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Өзекті мәселелердің қатарында инвестиция тарту, тұқым шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін сәйкестендіру және қадағалау, сондай-ақ шегірткеге қарсы күрес мәселелері бар.

  • 05.03.2025
  • 45
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика