• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада ФАО-Қазақстан серіктестік бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Іс-шарада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен (ҚР АШМ) бірлескен ФАО-Қазақстан серіктестік бағдарламасы шеңберіндегі перспективалық жобалар талқыланды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ФАО Бюросына алғыс айтты.

«Қазақстан 1997 жылдан бері ФАО мүшесі ретінде ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында табысты ынтымақтастық орнатты. Астанада ФАО-ның Байланыс және серіктестік бюросы табысты жұмыс істеп келеді. 2024 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-ФАО серіктестік бағдарламасының қаржыландыруы басталды. Басқарушы комитеттің алғашқы отырысында екі жоба мақұлданды: «Қазақстандық сұрыптар мен тұқымдар» ұлттық бастамасы және «Тозған жерлерді сақтау және тиімді пайдалану технологиялары». Оларды іске асыру жақын арада басталады», – деді вице-министр өз құттықтау сөзінде.

ФАО Бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкіл Виорел Гуцу Қазақстанның агроөнеркәсіптік сектордағы зор әлеуетін атап өтіп, ауылдық аумақтардың орнықты дамуы үшін серіктестікті кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Қазақстан ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды белсенді түрде енгізіп, қаржыландыру мен инвестицияларға қолжетімділікті жақсартуда. ФАО-Қазақстан серіктестік бағдарламасы азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, агробизнесті цифрландыруға, ресурстарды орнықты басқаруға және экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған. Бұл азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты өсуіне және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасының артуына ықпал етеді», – деді Виорел Гуцу.

ФАО 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы мен 2021–2025 жылдарға арналған АӨК дамытудың ұлттық жобасын қоса алғанда, стратегиялық құжаттарды әзірлеуде техникалық қолдау көрсетеді. 2024 жылдан бастап Қазақстан-ФАО серіктестік бағдарламасы аясында тұқым шаруашылығы мен тозған жерлерді қалпына келтіру саласындағы бастамалар қаржыландырылады. Қазіргі уақытта ФАО Қазақстанда техникалық көмек көрсетудің 55 жобасын іске асыруда.

Ермек Кенжеханұлы министрлік АӨК-ті цифрландыруға, топырақ құнарлылығын арттыруға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған ФАО бастамаларына қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Біздің басымдықтарымыздың қатарында көміртекті егіншілікті дамыту, топырақ ресурстарын орнықты басқару, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайту бойынша жобалар бар. Біз ФАО және басқа да халықаралық серіктестермен мақсатты жобаларды әзірлеуге, климаттық қаржыландыруды тартуға және Қазақстанның АӨК-іне озық шешімдерді енгізуге белсенді ынтымақтастыққа дайынбыз», – деп қорытындылады вице-министр.

  • 11.03.2025
  • 56
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика