• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

«Еңбек жолы» байқауы еліміздегі Еңбек күнін мерекелеуге және «Еңбек адамын» құрметтеуге орайластырылған. Ол өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейде, үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең үлкен әулет таңдалады; «Өндірістің үздік жас жұмыскері» – 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмыскері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа өнеркәсіп саласына қарамастан барлық кәсіпорындардың жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының төрағалығымен комиссиялар айқындайды. Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің өкілдері кіретін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы комиссия айқындайды.

Еңбекмині еңбек әулеттерінің өкілдерін де, бастамашыл жас жұмыскерлер мен олардың тәлімгерлерін де конкурсқа белсенді қатысуға шақырады.

Осы сайыс жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз керек.

  • 14.03.2025
  • 52
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика