- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, азаматтардың ұсынысы мен мәселелерін тыңдады. Кездесуде Нұрсәт, Астана, Қызыл су шағынауданы және Сайрам мен Өтеміс тұрғын алаптарының халқы көкейкесті мәселелерін көтерді.
Кездесу барысында қаланы абаттандыру, аулаларды жарықтандыру, көгалдандыру жұмысын күшейту, баспанаға қолжетімділікті арттыру, жер телімдерін заңдастыру және білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісін жүйелеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тұрғындар коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту, қолөнершілерге қолдау көрсету, жолдарды кеңейту, автотұрақ санын көбейту және ирригациялық жүйелерді жаңғырту жөнінде ұсынысын білдірді.
- 17.03.2025
- 34