• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ФАО делегациясы Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің жағдайымен танысты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезге бақылау жасауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды күшейту жөніндегі миссия аясында Қазақстанға танысу сапарымен келді.

10-14 наурыз аралығында ФАО делегациясы, оның құрамында Еуропа және Орталық Азия бойынша ФАО өңірлік кеңсесінің жетекші сарапшылары – доктор Даниэль Бельтран-Алькрудо мен доктор Чему Бласко болды, еліміздегі бруцеллезге қарсы күрес стратегиясын жетілдіруге бағытталған негізгі іс-шараларға қатысты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті басшылығымен өткен кездесуде ветеринариялық қызметтің қазіргі жағдайы, бруцеллезге қарсы күрес бағдарламалары және әрі қарайғы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

ФАО сарапшылары ветеринариялық қызметтің әртүрлі деңгейдегі өкілдерімен, ғылыми қауымдастықпен және ветеринариялық препараттар өндірушілерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында бруцеллезге қарсы күрестің қолданыстағы стратегияларының тиімділігі сараланып, елдегі эпизоотиялық жағдайға жан-жақты талдау жүргізілді. Сондай-ақ ветеринариялық бақылау саласындағы тәжірибе алмасу және озық әдістерді енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

ФАО делегациясының мүшелері Ақмола облысындағы зертханалар мен Астанадағы республикалық ветеринариялық зертхананы аралап, Қазақстанда қолданылатын бруцеллез диагностикасы әдістерімен танысты және зертханалардың жабдықталу деңгейін бағалады.

Өңірлерде жергілікті фермерлермен және ветеринариялық қызмет мамандарымен кездесулер өтіп, бруцеллездің ерте диагностикасы мен алдын алу шаралары талқыланды. Сондай-ақ ветеринариялық процестерді цифрландырудың маңыздылығы мен оның тиімділігіне ерекше назар аударылды.

  • 18.03.2025
  • 28
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика