• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АШМ Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдауда

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы хабарлады.

Министрлік ауыл шаруашылығының жалпы өнімін бес жылда екі есеге арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруда. Негізгі құралдар жеңілдікті кредиттеудің қолжетімділігін арттыру болады, бұл аграрларға өндірістің тиімділігін және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, заманауи агротехнологияларды енгізуге, сондай-ақ әртараптандыру жөніндегі жоспарлардың орындалуына мүмкіндік береді.

«Ағымдағы жылы жеңілдікті қаржыландыру көлемі жылдық 5% – бен 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, жеңілдікті лизингке 200 млрд теңге бағытталады», - деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету және дамудың тұрақты қарқынын қолдау мақсатында 2025 жылы АШМ минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 1,9 млн тоннаға дейін, элиталық тұқымдардың үлесін 10,5% - ға дейін, техниканы жаңарту деңгейін 6,5% - ға дейін жеткізу міндетін қояды. Су үнемдеу технологиялары енгізілетін алаңдарды 612 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Азат Сұлтанов бұл шаралардың орындалуы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2025 жылы 9 трлн теңгеге дейін жеткізуге және саладағы еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысының астықты терең өңдеу өнімдерінің әлемдік нарығындағы Қазақстанның позициясын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында таяудағы 10 жыл ішінде жаңа зауыттар салынады, қолданыстағы қуаттар жаңғыртылады және қосылған құны жоғары өнімдер ассортименті кеңейтіледі.

Жыл сайын өндірілетін 12 млн тонна бидайдың шамамен 7 млн тоннасы экспортталады, оның 4,5-5 млн тоннасы қайта өңделеді. Терең өңделген өнім шамамен 250 мың тоннаны құрайды.

Осы саланы дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды.

Алдағы үш жылда инвестициялары 560 млн АҚШ долларынан асатын үш ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың ішінде 415 мың тонна лизин, глютен, биоэтанол және көмірқышқыл газын өндіретін «Qostanai Grain Industry» ірі зауыты бар. Түркиялық Tiryaki Agro компаниясы катарлық Hassad food компаниясымен бірлесіп қуаты жылына 240 мың тонна астықты терең өңдеу жобасын іске асыруда. Түркістан облысында крахмал өнімін өндіру үшін жүгеріні қайта өңдеу жобасы іске асырылатын болады. Жылына қуаты 1,5 млн тонна бидай мен жүгеріні терең өңдеу бойынша тағы 4 жоба пысықталуда.

  • 18.03.2025
  • 30
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика