• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ауыл шаруашылығын қолдаудың жаңа шаралары: жеңілдетілген қаржыландыруды кеңейту және несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету

2024 жылы Қазақстан бюджет және коммерциялық қаражатты біріктіру тетігі арқылы қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын табысты іске асырды. Осы шаралардың арқасында қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Бұл қаражаттың соңғы қарыз алушыларға – АӨК субъектілеріне жылдық 5%-дан аспайтын жеңілдікті мөлшерлемемен облигациялар бойынша купондық сыйақы тетігі іске қосылды.

Негізгі жаңалықтардың бірі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігін енгізу болды, ол қарыз сомасының 85% - на дейін жабады. Бұл шешім фермерлер үшін, әсіресе кепілмен қамтамасыз етілмегендер үшін несиелердің қолжетімділігін айтарлықтай арттырды.

Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл «Кең Дала-2» бағдарламасын «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ желісі бойынша тікелей кредиттеу арқылы ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, өңірлік инвестициялық орталықтар және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы да іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру нарығында бәсекелестік жағдай жасауға және фермерлер үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

2025 жылы көктемгі дала жұмыстары жеңілдікті қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру бағдарламасы кеңейтілетін болады. 2025 жылы жылдық 5% жеңілдік мөлшерлемесі бойынша техниканы сатып алу үшін кемінде 200 млрд теңге бағытталады, бұл фермерлерге 5,4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік береді.

Айналым қаражатын толықтыруға қайта өңдеу кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру жөніндегі бағдарлама жалғастырылатын болады, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді қолдауда да маңызды рөл атқарады. 2025 жылы осы мақсаттарға шамамен 48 млрд теңге бағытталатын болады, бұл отандық қайта өңдеу зауыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оларды ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алу маусымында қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалардың маңызды артықшылығы-фермерлер үшін процедураларды жеңілдету.

Бұл шаралар ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қазіргі экономикалық сын-қатерлер жағдайында фермерлерді қолдауға бағытталған.

  • 19.03.2025
  • 29
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика