• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті

Токио, 2025 жылғы 17 наурыз – Жапонияға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.

Тараптар биік және жоғары деңгейдегі саяси диалогты жандандырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени байланыстарды тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады.

Министрлер қысқа тарихи кезеңде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті.

«Осы ширек ғасыр ішінде біз сапалы саяси диалог пен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты орнатып, сондай-ақ берік мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастыра алдық», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Экономикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Жапония Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіреді, 1993 жылдан бері инвестициялардың жалпы көлемі 8 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы шамамен 2 млрд АҚШ долларына жетті, ал Қазақстанда «Sumitomo», «Marubeni», «Toshiba», «Mitsui» және басқаларын қоса алғанда 60-қа жуық жапондық компания табысты жұмыс істеуде.

Осыған байланысты қазақ тарапы жапондық компанияларды өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Кездесу барысында бейбіт атомды пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері жеке қарастырылды. Тараптар ядролық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ядролық энергетикада білікті кадрлар даярлау саласында өзара іс-қимыл жасау уағдаластығына қол жеткізді.

Сыртқы істер министрлері өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сыртқы саяси ведомстволар арасындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыру ниеттерін растады.

М.Нұртілеу ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау үшін маңызды алаң ретінде «Орталық Азия + Жапония» диалогын одан әрі ілгерілетудің өзектілігін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы Қазақстан қарарын қолдағаны және тең авторы болғаны үшін жапон тарапына алғысын білдірді.

Сонымен қатар сұхбаттастар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға серпін беруге деген өзара ниетін растады.

Министр Жапония тарапына Осакада ЭКСПО-2025 көрмесін сәтті өткізуді тілеп, Қазақстан ауқымды іс-шараға жоғары деңгейде белсенді қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Министр Т.Ивая жапон тарапының Токионың маңызды стратегиялық серіктесі – Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын айқындайтын Қазақстан мен Жапонияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

  • 19.03.2025
  • 45
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика