• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елорда қарқынды түрде дамып, халық саны артып келеді

Елорда қарқынды түрде дамып, халық саны артып келеді. Бұл процесте құрылыс маңызды рөл атқарады. Қаладағы құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесуде өзекті мәселелер мен бірлескен жұмыстың басымдықтарын талқыладық. Жиынға сондай-ақ қалалық прокуратураның, полиция мен мемлекеттік органдардың және т.б. өкілдері қатысты.
✔️Қаланың дамуында маңызды аспекті – құрылыс компанияларының тұрғын үйлерді сапалы әрі заңды түрде салуы. Дегенмен, оны бәрі бірдей ұстана бермейді. Мәселен, өткен жылы 431 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды. Алты компания құрылыс лицензиясынан айырылды, сол сияқты заң мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 180-нен астам талап-арыз сотқа жолданды. Жерге қатысты тиісті құжат алмай құрылысы басталған төрт нысан сот шешімімен бұзылды. Аталған жұмыстың барлығы биыл да жалғасып жатыр.
☑️Құрылыс компаниялары қолданыстағы заңнаманың нормаларын қатаң сақтауы тиіс. Құрылыс-монтаждау жұмысы тек құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес жүргізілуі қажет. Сондай-ақ, құрылыс жүргізу және монтаждау барысында орындалатын жұмыстардың арнайы бекітілген жобалық құжаттама мен стандарттарға сәйкестігін үнемі тексеріп отыру қажет. Жауапты тұлғалар орындалатын операциялардың қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкестігін қадағалай отырып, материалдардың сапасы мен технологияларға сәйкестігін бақылауы керек.
Энергияның тиімділігіне, сондай-ақ экологиялық тазалыққа, оның ішінде құрылыс қоқыстарын шығаруға қатысты стандарттарды сақтауға ерекше назар аудару қажет. Қоқысты арнайы жабдықталған полигонға шығару керек. Оны рұқсат етілмеген орындарға төгіп, сол арқылы қоршаған орта мен елорданың келбетіне зиян келтіруге болмайды.
⚫️Заң бұзу оқиғалары анықталған жағдайда құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылады, оның ішінде айыппұл салу, қызметін тоқтату және заңсыз салынған нысандарды бұзу мәселелері қарастырылған.

  • 20.03.2025
  • 52
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика