• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы Солтүстік Қазақстан облысында жаңа әмбебап құтқару бөлімшесін ашты

 Солтүстік Қазақстан облысының Тепличное ауылында өңірдегі алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесінің салтанатты ашылуы өтті. Пестрое көлінің жағасында орналасқан жаңа мамандандырылған нысан авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарының кең спектрін орындауға арналған.

  Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен бөлімшенің жеке құрамы қатысты.

  «Бұл заманауи кешенде қызметкерлерге биік жерлерде де, су астында да құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті жағдай жасалған. Солтүстік Қазақстан облысында әмбебап бөлімшенің ашылуы өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады, өйткені қазір ТЖМ дәрігерлері де осы жерде қызмет атқарады», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Ауданы 900-ден астам шаршы метр модульдік типтегі екі қабатты ғимарат өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып, жеке жоба бойынша салынған. Кешен құрамында әкімшілік кабинеттер, доңғалақты техника мен жүзу құралдарына арналған гараждар және бокстар, оқу сыныбы, «Batyr Team» ведомстволық клубының спорт залы, медициналық кабинет, психолог кабинеті, қойма үй-жайлары бар жөндеу блогы, сондай-ақ алты үйшік пен кинологтарға арналған бөлмесі бар кинологиялық орталық көзделген.

  ТЖМ басшысы салтанатты түрде бөлімшенің кілтін оның қызметкерлеріне тапсырды, содан кейін олар ресми түрде жауынгерлік кезекшілікке кірісті. Сондай-ақ құтқарушылардың қарамағына КамАЗ маркалы жаңа вахталық автобус және қосымша арнайы техника берілді.

  Қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

  Іс-шара соңында Шыңғыс Әрінов дәстүрлі көгалдандыру акциясына қатысып, бөлімше аумағына қарағайдың жас көшеттерін отырғызды.

  Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қиын жағдайларда жұмыс істеуге үйренген: олар биік ғимараттарда, таулы жерлерде, су айдындарында авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары кезінде көмек көрсетеді, адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Өткен жылы департамент бөлімшелері төтенше жағдайларға 1950 рет шығып, 127 адамды құтқарып, 128 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Жаңа әмбебап құтқару бөлімшесінің ашылуы ТЖ-ға одан да тиімді әрекет етуге және өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

  • 23.03.2025
  • 47
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика