• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы шаралармен танысты

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында облыс әкімдігі жанындағы жаңа ахуалдық орталыққа барды. Мұнда дрондарды пайдалана отырып, су тасқыны жағдайын бақылау инновациялық жобасы жұмысын бастады.

  Заманауи технологиялар нақты уақыт режимінде жағдайды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Мониторинг жүргізуге су тасқынына бейім негізгі учаскелерді бақылайтын сегіз дрон тартылды.

  Шыңғыс Әрінов Петропавл қаласының Подгора шағын ауданындағы нығайтылып жатқан Ущева бөгенін де тексерді. Ғимарат тұрғын аудандар мен қалалық инфрақұрылымды ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған.

  Бұдан басқа министр су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту үшін Қарағанды және Алматы облыстарынан келген ТЖМ 52 859  және 28 237әскери бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті. Әскери қызметшілер Қызылжар ауданында полипропилен шатырларын төсеп, қапшықтарды дайындау және орнату жұмыстарымен айналысты.

  ТЖМ басшысы су тасқыны қаупі бар кезеңде ТЖ-ны жоюға күштер мен құралдардың дайындығын бағалап, халықты және аумақтарды қорғау бойынша жүргізілген жұмыстармен танысты.

  Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шаралардың едәуір көлемі іске асырылды. 47 км қорғаныш бөгендері мен үйінділері тұрғызылып, 41 км нығайтылды, автожолдарда 108 су өткізгіш құбырлар мен тюбингтер орнатылды, 10 км астам су бұру каналдары тереңдетілді, 4 км кіші өзен арналары тазартылды, 214 км нөсер кәрізі тазартылды және жөнделді. Мұз кептелісінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары да жүргізілуде.

  Өңірде жедел ден қою үшін 1904 адам, 1347 бірлік техника, 462 мотопомпа және 122 жүзу құралын қамтитын күштер мен құралдар топтамасы құрылды.

  Облыста су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Шаралар кешені су басу қаупін азайтуға және елді мекендерді қорғауға бағытталған.

  • 24.03.2025
  • 47
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика