• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты

   Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Қызылжар ауданының Новоникольское ауылындағы өрт сөндіру бекетіне барды. Ол жеке құраммен кездесіп, жергілікті атқарушы органдарға тиесілі бөлімшенің техникасын, жабдықтарын және жұмыс жағдайын тексерді.

  «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Новоникольское ауылындағы өрт сөндіру бекетіне мотопомпаларды, қорғаныш құралдарын, жауынгерлік киім-кешек жиынтықтарын, аспалы өрт сөндіргіштер мен бензин бүріккіштерін қоса алғанда заманауи жабдықтар және өртке қарсы техника берілді. Бұл өртке және басқа да төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  ТЖ министрі ерікті өртке қарсы құралымдар үшін бірыңғай стандарт құрудың маңыздылығын атап өтіп: «Біз бірыңғай генокод әзірледік, енді ЕӨҚҚ–ның өз логотипі бар - бұл жай ғана символ емес, біздің командалардың бірлігі мен кәсібилігі туралы мәлімдеме. Ол жұмысты одан әрі жетілдіруге негіз болатын бірыңғай стандартты белгілейді. Жақын болашақта біз оларды заманауи байланыс құралдарымен жабдықтаймыз, бұл олардың жеделдігі мен тиімділігін едәуір арттырады».

  ТЖМ басшысы өңірде жаңа өрт сөндіру бекеттерін салу жұмыстарының жалғасып жатқанын, бұл өрттен қорғауды күшейтетінін атап өтті. Облыста 68 өрт сөндіру бекеті және 426 ерікті өртке қарсы құралым жұмыс істейді, онда 599 адам қызмет атқарады. Олардың иелігінде 48 өрт сөндіру автокөлігі және 610 техника бар.

  Өрт сөндіру бекеттерінің желісін кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы СҚО Тайынша, Қызылжар, Мамлют және Шал ақын аудандарында төрт жаңа бөлімше ашу жоспарлануда. Бұл бөлімшелер 5 мыңнан астам халқы бар 23 елді мекенді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ететін болады.

  2024 жылы облыс аумағында 469 өрт болды. Оның ішінде 144 өртті сөндіруге өрт сөндіру бекеттері мен ерікті құралымдар қатысты, ал 17 өртті өздері сөндірді. Олардың өртті сөндіруге қатысу үлесі 40,9% -ды құрады.

 

 

  • 25.03.2025
  • 38
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика