• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
229 млрд теңгеге көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несиелер берілді

«Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарына жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 4377 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жалпы сомасы 356,6 млрд теңгеге өтінімдер қабылданды. 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 229,2 млрд теңге көлемінде несие берілді.

Ең жоғары белсенділік Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы ауыл шаруашылығы өндірушілері тарапынан байқалуда. Бұл өңірлер көктемгі егіс жұмыстарын табысты өткізуге үлкен қызығушылық танытып, белсенділік көрсетуде.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жеңілдетілген несиеге өтінім қабылдау 2024 жылғы 29 қарашада басталғанын еске саламыз. Бұл шаралар шаруаларға тұқым, тыңайтқыш сатып алу және техника дайындау арқылы егіс жұмыстарына сапалы дайындалуға көмектесу мақсатында қабылданған.

Жалпы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаржы бағытталмақ, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады.

Қабылданған шаралардың арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы шарттарда қаржылық қолдау алады. Атап айтқанда, несие рәсімдеуге және оны өтеуге болатын қаржы институттарының саны артты. Қаржыландыру екінші деңгейлі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қолжетімді.

Кепілдік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесін шешу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несие сомасының 85%-ына дейін кепілдендіру көзделген, бұл несие алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

  • 26.03.2025
  • 47
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика