• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шаруаларға мемлекеттік қолдау: лизинг бойынша алғашқы төлем 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге шегерілді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2024 жылы іске қосылған ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Жаңа талаптарға сәйкес, шаруалар алғашқы лизингтік төлемді 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей төлеу мүмкіндігіне ие болады, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асыруға биыл рекордтық 200 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру шарттары өзгеріссіз қалды: шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен, 7 жылға дейінгі мерзімге сатып ала алады, сондай-ақ алғашқы лизингтік төлемді 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.

«Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары басталды, және қазір шаруалар үшін басты міндет – егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу. Алғашқы төлемді кейінге қалдыру оларға қаржылық жағдайын тұрақтандыруға және алғашқы жарнаны жинау аяқталғаннан кейінгі табыс есебінен өтеуге мүмкіндік береді», – деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Қазақстанда жеңілдетілген лизинг бағдарламасы алғаш рет 2024 жылы іске қосылып, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Сол жылы оны жүзеге асыруға 120 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2800-ден астам шаруа 4300 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, оның ішінде ең жоғары сұранысқа ие болғаны тракторлар – 2645 бірлік, жалпы сомасы 50,2 млрд теңге, сондай-ақ комбайндар – 649 бірлік, жалпы сомасы 58,7 млрд теңге.

Жалпы, 2024 жылы лизинг көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артты. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсуіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған жеңілдетілген лизинг бағдарламалары ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шаруалар 10,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын, жалпы сомасы 228,5 млрд теңгеге сатып алды.

Айта кету керек, қаржыландырылған техниканың 73%-ын отандық өндіріс машиналары құрады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін қолжетімді әрі заманауи техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыра отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға және ел экономикасының өсуіне өз үлесін қоса береді.

  • 26.03.2025
  • 30
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика