- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда. Оның барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексерілетін болады.
Күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен адамдарды жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқұтқару» АҚ 20 әуе кемесі дайын тұр.
Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техника. Халықты құлақтандыру мәселелері де пысықталды.
«Су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасы шеңберінде төрт жыл ішінде 315 елді мекенде су басу қаупін толығымен жоюға және 314 елді мекенда азайтуға мүмкіндік берді.
Биылғы жылы еліміз бойынша әкімдіктер төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервтерге 38,1 млрд.теңге бөлді. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні әкімдіктер елді мекендерден 14,7 млн. текше метр қар шығарды.
«Қазгидромет» алдын ала берген болжам бойынша Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің бассейнінде ылғал қоры нормадан 54%-ға, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенінің бассейнінде 50%-ға және Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің бассейнінде 39%-ға артық.
- 03.03.2021
- 231