• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Итальяндық «TRAMITE Group» компаниясы қазақстандық шикізаттан томат өнімдерін өндіруге қызығушылық танытуда

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров итальяндық «TRAMITE Group» компаниясының негізін қалаушы Джанантонио Траметпен кездесті. Тараптар жетекші итальяндық брендтер үшін қызанақ өсіру және өңдеу жобасын талқылады.

Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанда барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Әсіресе, жаңа және жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарын қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, жаңа кәсіпорындар салу және қолданыстағыларын жаңғырту кезінде салынған инвестицияның 25%-ын субсидиялау, айналым қаражатына арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін арттыруға ықпал етеді. Шикізат базасын дамыту үшін гербицидтерді, жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды, тұқымдарды және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидиялар қарастырылған.

Өз кезегінде, Джанантонио Трамет «TRAMITE Group» компаниясы Қазақстаннан табиғи азық-түлік жеткізу бойынша серіктестерді белсенді түрде іздеп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан жоғары сапалы өнім өндіруге қолайлы климаттық жағдайлары мен табиғи ресурстары бар ел. Атап айтқанда, компания Қазақстан аумағында томат пастасы мен басқа да өнімдерді өндіруді ұйымдастыруға мүдделі.

Жыл сайын Италия 180 мың тонна томат пастасын импорттайды. Осыған байланысты, «TRAMITE Group» бұл импорттың бір бөлігін Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде қайта өңдеуге бағыттауды қарастыруда.

Компанияның негізгі серіктесі ретінде Шардара өңірінде экспортқа бағытталған агроөнеркәсіптік кластер құру жобасының бастамашысы болып табылатын қазақстандық «Agriqa Farms» ЖШС таңдалды.

Жобаны жүзеге асыру аясында 2025 жылдың мамыр айында 22 га аумақта жылыжай кешенінің құрылысы басталады. Сонымен қатар, тәулігіне 3360 тонна шикізат өңдейтін томат пастасы зауыты, сағатына 30 тонна өнім шығаратын жоңышқа түйіршіктеу зауыты, тәулігіне 200 тонна жеміс-көкөніс шикізатын кептіру және мұздату комбинаты, сондай-ақ 20 мың тонна жеміс-көкөніс сақтайтын қойма мен 10 мың тонна сыйымдылығы бар тоңазытқыш кешені салу жоспарланған.

2026 жылдан бастап 8 мың га алқапқа тамшылатып суару жүйесін орнату жұмыстары басталады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 миллион АҚШ долларын құрайды.

«Біз өңдеу саласындағы ірі жобаларға мүдделіміз және олардың табысты жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

  • 03.04.2025
  • 48
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика