• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ведомство басшысы Светлана Жақыпованың қатысуымен Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Еңбекмині өкілдерінің өзекті мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдады, олардың негізгісі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі жоспарлар және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар болды.

Отырыс басында Светлана Жақыпова арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Министр арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастырудың жаңа тәсілдері осы қызметтердің сапасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Данат Нәбиев кәсіби мерекелер тізбесін кеңейтуде қолданылатын тәсілдер мен қағидаттар туралы айтты.

Содан соң Еңбекмині Жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов дербес, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылып жатқан және іске асыралатын іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

«Skills.enbek.kz платформасында әзірленген «Твой карьерный старт: Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалану керек?» курсы және ілеспе оқу материалдары орналастырылған. Өз кезегінде, жергілікті жерлерде мансаптық орталықтар оқушылар мен ТжКБ студенттерін тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына 500 мың адамды оқыту жоспарлануда», – деп бөлісті ол.

Жалпы Enbek цифрлық экожүйесіне іс – шараларды іске асыруда үлкен рөл берілген – әртүрлі құралдар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы және жаңа дағдыларға оқыту ұйымдастырылады, студенттер үшін өндірістік практикадан өту орнын таңдау бойынша функционал іске қосылады және т. б.

Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға лицензиялар беру жөніндегі жұмыстың барысы туралы хабарлады.

«Осы бағыт бойынша жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде, бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында аяқталды», – деп бөлісті Төлеген Оспанқұлов.

Ол сондай-ақ кейбір ұйымдарға құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты өтініштерді қараудан немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты лицензия беруден бас тартылғанын атап өтті. Бұл ретте барлық ұйымдарға бас тарту себептері түсіндірілді, ал кемшіліктер түзетіліп, құжаттар сәйкестендірілгеннен кейін олар лицензиялауға өтініштерді қайта жібере алады.

Осыдан кейін Еңбекмині Инклюзия департаментінің өкілі Құралай Әбішева және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік нормаларды анықтау және жою тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысында Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру ережелері мен әдістемелеріне өзгерістер енгізу бойынша атқарылған жұмыстар қаралды. Аталған тақырып бойынша Еңбекмині Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті директорының м.а. Ғазиза Иманғали баяндама жасады.

Қоғамдық кеңес мүшелері Еңбекмині өкілдерімен отырыста қаралған барлық мәселелерді талқылады, сондай-ақ одан әрі жұмысқа өз ұсынымдарын берді.

  • 03.04.2025
  • 43
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика