• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРАПШЫЛАР FAA-НЫҢ АҚШ-ТАҒЫ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРТТЕУДЕ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ қызметкерлері құрамындағы қазақстандық делегация Халықаралық көшбасшыларды даярлау бағдарламасына (IVLP) қатысуда. Қазақстан үшін "Азаматтық авиация қауіпсіздігі" халықаралық келушілер бағдарламасы Халықаралық білім институтымен АҚШ Мемлекеттік департаментінің толық қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

Аталған топтың қатысушылары Вашингтон қаласындағы осы жобаны ұйымдастырушылардың, Қазақстанның авиациялық биліктерінің, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқият іріктеуінен өтті. Бағдарлама аясында АҚШ-тың 6 штатына бару және азаматтық авиация субъектілерінің қызметімен танысу жоспарланған.

Кездесулер келесі тақырыптар бойынша өтеді: АҚШ федерализм жүйесіне шолу, азаматтық авиациядағы құқықтар мен мүдделерді қорғау жөніндегі шаралар, Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі, аймақтық әуежайлардағы қауіпсіздік мәселелер мен операциялар, жастардың авиацияға қызығушылығын арттыру.

Сонымен қатар, қазақстандық мамандар әуе қозғалысын басқару жұмыстарымен, ұшу қауіпсіздігі саласындағы инновациялармен, жергілікті полицияның әуежайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысымен, жаңа және кеңейтіліп жатқан әуежайлардың экономикалық мәселелерімен танысады.

Бұл жобаның мақсаты – АҚШтағы ұшу қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз етудегі Федералды авиация басқармасының тәжірибесімен танысу және зерттеу, заманауи жүйелерді қолдана отырып, қауіпсіздікті арттыру және жазатайым оқиғалардың алдын-алу шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ ұшқыштарды қабылдау, ұстап қалу және қайта аттестаттау, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты американдық әуе компаниялардың тәжірибесін зерттеу.

Атап өту керек, алдағы жылдары "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" 1 санатты IASA FAA Халықаралық ұшу қауіпсіздігін бағалау рейтингін алуға өтініш беруді жоспарлап отыр. Осы бағдарлама аясында IASA FAA Құрама Штаттарға ұшуға өтініш берген, ұшуларды орындайтын немесе АҚШ-тың серіктес әуе компанияларымен кодтарды бірлесіп пайдалану туралы келісімдерге қатысатын әуе тасымалдаушылары бар барлық елдердің азаматтық авиация органдарын бағалайды. 1 санатты рейтингке ие болу елдің азаматтық авиация органының ICAO стандарттарына сәйкес келетіндігін, оның сертификатталған әуе тасымалдаушылары АҚШта қызмет көрсете алатындығын, сондай-ақ американдық серіктестердің кодын қолдана алатындығын білдіреді.

Жұмыс іссапарының қорытындысы бойынша АҚШ Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады, онда осы жобаның қатысушылары алған тәжірибесінен және авиациялық қызметте білім алмасудан алған әсерлерімен бөліседі.

  • 03.12.2019
  • 681
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика