• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
461 МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҰСЫНЫЛАДЫ

Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық Кеңсенің жекешелендіруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастырды. Жүргізілген талдау және экономикалық тиімділікті есептеу негізінде бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын 461 субъект таңдалды.

«Кәсіпорындардың қалыптасқан пулы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңеске жіберіледі, содан кейін жекешелендірудің Кешенді жоспарына енгізіледі. Бұл жұмыстың аяқталуы 2028 жылдың соңына дейін жекешелендіру барысының мониторингі болады», – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров.

Салалар бойынша бұл субъектілер келесідей бөлінеді: ОЭК – 200; өнеркәсіп және индустрия – 20; АӨК – 147; БАҚ, көлік және байланыс – 14; әлеуметтік сала – 76; қаржы нарықтары саласы-4. Бұл тізбеге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 8 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кірді, оларды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру ұсынылады; Түркістан облысы әкімдігінің «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені мен басқа да бірқатар ұйымдар.

Сондай-ақ, 7 футбол клубын жекешелендіру ұсынылып отыр. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда олардың коммерциялануы мен облыстық бюджеттерге тәуелсіз, өздігінен қаржылануының маңыздылығын атап өткен ұстанымына сәйкес келеді.

Төраға Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен мемлекеттің экономикаға қатысуының негізгі тәсілдері айқындалғанын еске салды. Бұл, ең алдымен, жеке нарық жоқ немесе өз функцияларын орындай алмайтын салаларда ғана мемлекеттің көмекші рөлі. Сондай-ақ, мемлекеттің нарық субъектілеріне уақытша қатысу принципі бекітілген, яғни мемлекет жеке ойыншылар пайда болғаннан кейін сектордан шығуы керек.

Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық Кеңсе 2024 жылғы 28 мамырда Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында құрылды. Кеңсенің құрамына негізгі ведомстволардың бірінші басшылары, министрлер орынбасарлары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері дәрежесінің басшылары, Парламент депутаттары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сараптамалық қоғамдастық және «Атамекен» ҰКП мүшелері енген.

  • 07.04.2025
  • 42
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика