• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс

2023 жылдан бастап Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және уақтылы көмек көрсетуге бағытталған екі жоба – «URPAQ» және «Бақытты және Қауіпсіз Балалық Шақ» жүзеге асырылуда.

🔹 Прокурорлар қауіп-қатер аймағындағы 63 мың отбасыны аралады

«Бақытты және Қауіпсіз Балалық Шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасына барды.

 

Жұмыс нәтижелері:

         • Қамқоршыларға, асырап алушыларға, ата-аналарға және басқа да тұлғаларға қатысты 93 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;

         • 11 мың ата-ана мен заңды өкілдер бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

         • 342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, қолайсыз отбасылардан мемлекет қамқорлығына алынды.

 

Тексерулердің нәтижесінде:

         • 54 ата-ананың құқықтарын шектеу және 92 ата-ана құқығынан толық айыру туралы талап-арыздар берілді;

         • 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді (алғашқы көмек заттары, азық-түлік, оқу құралдар, көмір және басқалары);

         • 1 мыңнан астам отбасыға тұрғын үй мәселесі бойынша қолдау көрсетілді;

         • 10 мың отбасыға медициналық және әлеуметтік көмек ұсынылды;

         • Балаларға 4,5 млрд теңге көлемінде алимент өндіріп алынды.

🔹 «URPAQ» жобасы: Көмек дер кезінде көрсетіледі

Бұл жоба отбасылардағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтауға бағытталған. Ол зардап шеккендерге психологиялық және заңдық қолдау көрсету бойынша кешенді көмекті қамтиды.

«Әр бала көмек әрдайым қасында екенін және ол қиындықпен жалғыз қалмайтынын білуі керек», – деді Берік Асылов.

Жедел әрекет ету үшін келесі құралдар енгізілді:

         • Балалардың құқықтарын бұзу туралы ақпарат жинау үшін Telegram чат-боттары;

         • Мектептерде, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық орындарда QR-кодтар орнатылып, мәселелерін жедел хабарлауға мүмкіндік берілді.

Жоба нәтижелері:

         • ШҚО-да екі буллинг фактісі тоқтатылды: 12 жастағы балаға жасалған қорлық және колледж студентіне көрсетілген қысым. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді.

         • Қорқытып ақша алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мысалы, 16 жастағы студент жасөспірімдерден ақша талап етіп, оларға пышақпен қоқан-лоқы жасаған. Басқа мектепте жоғары сынып оқушылары 7-сынып оқушысынан ақша бопсалаған. Кінәлілер мектепішілік есепке алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

🔹 Бейжай қарауға болмайтын фактілер

Қысқа уақыт ішінде оқушылар мен мұғалімдер тарапынан орын алған бұзақылық пен буллинг туралы 1 809 хабарлама түсті.

Тексеру нәтижелері бойынша:

         • 192 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

         • 1 617 адаммен профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Берік Асылов осы жұмыстың маңыздылығын атап өтті: «Қазақстандағы әрбір бала өзін қауіпсіз сезінуі керек. Біз олардың құқықтарын қорғау және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз».

  • 09.04.2025
  • 47
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

Асылов Б.Н.
(Мұрағат)

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика