• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа бағыттары Қоғамдық кеңесте қаралды

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында мал шаруашылығын субсидиялау жүйесін қайта қарау және жетілдіру мәселелері талқыланды.

Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Қоғамдық кеңестің төрағасы Геннадий Зенченко, кеңес мүшелері мен министрліктің тиісті бөлім басшылары қатысты.

Министр 2024 жылы мал шаруашылығы саласында нақты өнім көлемінің индексі 103,6% болғанын атап өтті. Алайда, бұл жетістікпен тоқтап қалуға болмайтынын айтып, саланың тиімділігін арттыру бағытында жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

«Президент пен Үкімет бізге агроқоғамдастықтың пікірін ескере отырып, нақты тапсырмалар қойып отыр», – деді Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау жүйесінің тиімділігі төмен әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары екенін айтып, осыған байланысты жаңа тәсілдер ұсынылғанын баяндады.

Атап айтқанда, етті ірі қара өсіру саласында бұқашықтарды бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырғанда, жоғары мөлшердегі субсидия беру қарастырылған. Бұл шара малдың саны мен сапасын арттыруға ынталандырады.

Сондай-ақ, асыл тұқымды жас малды өсіру шығындарын азайту үшін субсидиялар қарастырылып отыр. Бұл селекциялық шаруашылықтардың ақпараттық жүйелермен жұмысын оңтайландырып, ұрық пен қажетті материалдарды сатып алуға, қолдан ұрықтандыру қызметтерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қыс-көктем кезеңінде қошқарларды бордақылауға тапсырған шаруашылықтарға да субсидия беріледі. Бұл шара өндіріс үдерісін теңестіріп, өнім жеткізілімі тұрақтылығын қамтамасыз етпек.

Сонымен қатар, асыл тұқымды қой шаруашылығы мен жұқа жүн бағыттарын дамыту мақсатында қой жүнін өңдеуге кеткен шығындарды өтеу арқылы қолдау көрсетіледі.

Бұдан бөлек, бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарына, асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал сатып алуға арналған жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын жеңілдетілген несиелер әзірленген.

Қоғамдық кеңестің төрағасы: «Мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыты өндірілген өнімге негізделуі керек. Субсидиялар мал санына емес, нақты өндірілген өнімге төленуі тиіс. Бұл тәсіл бизнесті нәтижеге жұмыс істеуге және саланың дамуына жауапкершілікпен қарауға жетелейді», – деді.

Ұсынылған бастамалар Қоғамдық кеңес мүшелерінен қолдау тауып, әрі қарай агробизнес пен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен жан-жақты талқыланатын болды.

Жаңа тәсілдер мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырып, субсидия бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және мал шаруашылығының тұрақты дамуына жол ашуға бағытталған.

  • 21.04.2025
  • 34
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика