• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл халқын жыл бойы жұмыспен қамту шаралары талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Қоғамдық кеңестің төрағасы Геннадий Зенченко, кеңес мүшелері мен министрліктің салалық бөлім басшылары қатысты.

Кеңес барысында ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығы бағыттарын егіншілікпен айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметіне интеграциялау мәселелері қаралды.

Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес ғалымдармен бірлесіп, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ірі жер пайдаланушылар базасында мал шаруашылығын дамыту әлеуетіне талдау жүргізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары секілді дәнді дақылдар егетін аймақтарға ерекше көңіл бөлінген. Бұл өңірлерде егістік көлемі 10 мың гектардан асатын 401 шаруашылық тіркелген, олардың 115-інде мал шаруашылығы мүлде жоқ.

Ғалымдардың ұсынымына сәйкес, 10 мың гектар және одан да үлкен алқапта өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын тиімді үйлестіруге толық мүмкіндік бар.

Министрлік мамандарының пікірінше, ауыл шаруашылығында арнайы мал шаруашылығы нысандарын — сүт-тауар фермаларын, бордақылау алаңдарын, шошқа және құс фермаларын құру қажет.

Жер кодексі мен «Жайылымдар туралы» заңда жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға қатысты міндетті нормалар көзделген. Оған сәйкес, жайылымның жалпы жүктемелік сыйымдылығының кемінде 50%-ын қамтитын мал басының болуы міндетті.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Геннадий Зенченко ауылдық жерлерден, әсіресе жастардың қалаға жаппай көшуі мәселесіне ерекше тоқталды.

«Жастардың ауылдан кетуі — бұл өте маңызды мәселе. Біз кадр тапшылығына жол бермей, ауыл аумақтарын сақтау үшін ынталандыру шараларын қарастыруымыз керек», — деді ол.

Кеңеске қатысушылар бастамаларды агробизнес өкілдерімен, ғылыми қауымдастықпен және салалық қауымдастықтармен кеңінен талқылаудың маңыздылығын қолдады.

«Біз ашық диалогқа дайынбыз және мал шаруашылығын орнықты дамыту мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін тиімді тетіктерді бірлесіп әзірлеуге ниеттіміз», — деп қорытындылады министр.

  • 21.04.2025
  • 46
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика