- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТТЕ АСПАЛЫ АРҚАНЖОЛ САЛУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Universal Ropeways» ЖШС басшылығымен кездесті. Басқосу барысында мегаполисте аспалы арқанжол салу тұжырымдамасы таныстырылды.
Бұл жоба қалада заманауи әрі тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Игі бастама Мемлекет басшысының жақында Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапарында жүктеген міндеттерін орындау мақсатында қолға алынып отыр. Әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және көлік салаларындағы жобаларды дамытуға басымдық берілмек.
Кездесу барысында арқанжол желісінің алдын ала бағыттары, ықтимал технологиялық шешімдері, жобалау мен құрылыс кезеңдері талқыланды. Әуе көлігі арқылы Республика, Тәуке хан, Қонаев, Бәйдібек би, Абылай хан даңғылдарын, Цитадель аумағы мен «Тұран», «Шымкент сити» шағынаудандарын кезең-кезеңімен жалғау жоспарланып отыр.
Аспалы арқанжол іске қосылса, халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, тығыз құрылыс салынған, көлік қозғалысы көп аумақтарда жол-көлік жүйесіне түсетін жүктеме азаяды. Сонымен қатар бұл нысан туристер үшін тартымды орынға айналуы мүмкін.
- 24.04.2025
- 29