- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ҚазҰУ-да жасанды интеллект саласының дамуы талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Digital Farabi – 2025» халықаралық форумы өтті. Биылғы форум «Қазақстан экономикасының дамуындағы жасанды интеллект және жоғары өнімді технологиялар» тақырыбына арналды.
Ауқымды іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, NVIDIA корпорациясының корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджері Антон Джораев, ASUS компаниясының тренинг менеджері Алмат Әбілхан, ІТ саласындағы білікті мамандар, ірі компаниялардың және холдингтердің өкілдері, инвесторлар, жас зерттеушілер, оқытушылар мен ғалымдар бас қосты.
Басты міндет – жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу және инновациялық жобаларды коммерцияландыру бойынша идеялар мен озық тәжірибе алмасу.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/984466?lang=kk
- 28.04.2025
- 23