• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбекмині зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру жұмысын жүргізуде

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Серік Шәпкенов
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары,
ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері және тағы басқа тараптар қатысты.

Министр өз сөзінде мемлекет ел экономикасының жағдайына қарамастан барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап жатқанын атап өтті. Зейнетақы мен жәрдемақы уақытында төленіп келеді. Жыл сайын олардың мөлшері инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі.

«2020 жылы халыққа қосымша қолдау көрсету үшін зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар екі рет индекстелді. Бұл өсім 4 миллион адамды қамтыды. 2021 жылдың басынан бері 2,2 миллионнан астам зейнеткердің ынтымақты зейнетақысы 7 пайызға көтерілді, базалық зейнетақы мен жәрдемақының өсімі 5 пайызды құрады », - деді Серік Шәпкенов.

Еңбекминінің басшысы, сондай-ақ, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) мүгедектік, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайлары бойынша 131,7 мыңнан астам адамға төлем орта есеппен 50%-ға көбейтілгенін айтты.

2020 жылдың қорытындысында бес әлеуметтік тәуекел бойынша 947,2 мың әлеуметтік төлем алушыға МӘСҚ-тан 257,3 млрд теңге төленді.

«Бүгінгі таңда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі ең өзекті мәселе – жинақтау жүйесін дамыту болып тұр. Жинақтаушы жүйе енгізілген 22 жыл ішінде жинақталған қаражаттың жалпы сомасы 12,9 трлн теңгені құрады (01.01.2021 жылғы жағдай бойынша). 162 мыңға жуық адам зейнетақы жинақтарын алды, оның орташа мөлшері айына 28 мың теңгені құрайды.

Оң үрдістерге қарамастан, зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақсыздығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр», – деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2014 жылы бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін
2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізу үстінде екенін қосымша атап өтті.

«Мәселе зейнетақы жүйесін өзгерту жайында емес! Оны ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру және 2023 жылдан бастап жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарналарын енгізу бөлігінде одан әрі жетілдіру көзделуде», – деп түсіндірді министр.

  • 05.03.2021
  • 272
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика