• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҚДА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ БІРЛЕСКЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДАМЫТУҒА УАҒДАЛАСТЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия ректоры Азамат Сағатұлы Жолманов пен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Аппаратының басшысы Алмас Серікұлы Исаковтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы реттеу саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даярлауға бағытталған институционалдық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Тараптар қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінде монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидаттарын меңгеру және бәсекелестікті шектеуге әкелетін тәуекелдерді анықтай білу мемлекеттік қызметшілер үшін аса маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты, стратегиялық және реттеуші шешімдер қабылдайтын тұлғаларды қоса алғанда, басқарушы буын өкілдерін сапалы даярлау мен оқытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесу қорытындысы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру бағдарламаларын, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің қолданбалы аспектілеріне, мемлекеттік сатып алуларды талдауға, тарифтік реттеуге және бәсекелестікті адвокаттандыруға басымдық берілген кәсіби қайта даярлау курстарын іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қосымша ретінде Академияның қолданыстағы магистрлік бағдарламаларына бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне арналған элективті курстарды енгізу жоспарлануда. Бұл болашақ мемлекеттік басқару кадрларының бейіндік құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық аясында Агенттік мамандарын оқытушылар мен тәлімгерлер ретінде тарту, сондай-ақ Академия магистранттарының БҚДА құрылымдық бөлімшелерінде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тараптар реттеу саласындағы мамандар мен академиялық орта өкілдері арасындағы тәжірибе алмасуға бағытталған бірлескен ғылыми-практикалық іс-шаралар — семинарлар, дөңгелек үстелдер және тренингтер өткізуге қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында тараптар талқыланған бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.

  • 29.04.2025
  • 38
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика