• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.Шәпкенов 2021 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) 2020 жылғы қызметінің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов 2021 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы айтты, оны іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан асырмай сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері және тағы басқа тараптар қатысты.

Министр өз сөзінде 2020 жылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жедел шаралар кешені дер кезінде қабылданғанын атап өтті.

 «649 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Оның ішінде жұмыссыз жастар қатысушылардың үштен бірінен көбін құрайды (32%) немесе 211 мың адам, 277 мыңы немесе 43 % әйелдер. Барлығы 437 мың адам, оның ішінде 319 мың адам немесе 73% тұрақты жұмыспен қамтылды. 210 мың адам субсидияланған жұмыспен қамтылды. Оқумен (қысқа мерзімді курстар, техникалық-кәсіби білім, «Бастау Бизнес») 70 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 33 мыңнан астам адам оқытылды. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 12 700 жеңілдетілген микрокредит және 44 900 қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Соның ішінде 1,4 мың микрокредит көпбалалы және табысы аз отбасыларға берілді. Микрокредит алушылар қосымша 13,7 мың жұмыс орнын құрды. 5,8 мың адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен еңбекке жарамды жастағы 2,5 мың адам (жұмыспен қамтылды, бизнесті дамытуға мүмкіндік алды және тағы басқа) қамтылды», – деді Серік Шәпкенов.

Еңбекминінің басшысы 2020 жылы жұмыссыздықтың ушығу қаупін азайту мақсатында дағдарысқа қарсы жаңа бағдарлама – Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданғанын және іске асырылғанын да еске салды.

«Жол картасы 6,7 мың инфрақұрылымдық жобаны іске асыру кезінде тағы 239 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Дегенмен, жеке өңірлерге қатысты мәселелер бар. Біріншіден, жұмыспен қамтудың Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында жоспарланған индикаторына қол жеткізілген жоқ. Екіншіден, Алматы облысында жобалық-сметалық құжаттама ұзақ уақытқа созылғандықтан, 6 мектептің құрылысы басталмаған. Биыл мұндай проблемалар болмайды деп сенемін», – деді Серік Шәпкенов.

Бұдан басқа, басқа мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамаларды іске асыру шеңберінде 559 мың жұмыс орны құрылды, оның 386 мыңы тұрақты.

Жалпы, жыл қорытындысында 1,4 миллионнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 783 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2020 жылғы 4-тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

Министр Мемлекет басшысы Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды
2021 жылдың бірінші жартысының соңына дейін ұлттық жобаларға айналдыруды қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. Бұл жұмыс «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасында көзделген бастамаларды ескереді. Оған сәйкес, 2021 жылдан 2025 жылға дейін 1,8 млн. жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Бұдан басқа, ҚР Президенті жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын әзірлеуді тапсырды.

«Біздің ойымызша, олар ұлттық жобалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары (бұдан әрі – АДБ) шеңберінде қарастырылған экономикалық мамандандыруды, келешегі бар салаларды және өңірлердің барлық жобаларын ескеруге тиіс. Біз өңірлік карталардың құрылымы туралы ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне жолдадық. Оларды әкімдер мақұлдағаннан кейін Жұмыс орындарын құруды бақылау жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеде ескеру керек», – деді Серік Шәпкенов.

Еңбекминінің басшысы, сонымен бірге, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2021 жылға жоспарланған міндеттері мен индикаторларын ортаға салды.

Біріншіден, 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде:

- «Бастау Бизнес» жобасы аясында 30 мың адам оқытылады, оның 6 мыңы жастар;

- Электрондық еңбек биржасы арқылы 5000 жұмыссыз жұмыс берушілердің сұранысы бойынша сұранысқа ие дағдыларға оқытылады.

Жастарды жұмыспен қамту бөлігінде:

- «Бірінші жұмыс орны» жобасымен 1,5 мың адамды қамту;

- 10 мың мемлекеттік грант беру жоспарлануда.

Жетім балалардың кем дегенде 85%-ы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасады.

Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылу үлесі 24%-ға дейін ұлғайтылады.

Екіншіден, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жалғасады.
2021 жылы 27 мыңнан астам жұмыс орнын құру арқылы 331 жоба жоспарланып отыр, оның ішінде 10 мыңнан астамы жобалар аяқталғаннан кейін тұрақты болып қалады.

Үшіншіден, «ЕҢБЕК» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы мынадай мақсаттарға бағытталады:

- басымдық берілген құралдар арқылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды қолдау;

- жұмыс орнында және онлайн оқыту арқылы экономика талаптарына сәйкес жұмыс күшінің біліктілігін дамыту;

- өңірлер экономикасындағы зәкірлік кооперацияны және өндірістік тізбектерді дамытуға микрокредит беру арқылы жеке секторда жұмыс орындарын құруды қолдау.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жоспарланған шараларды іске асыру 4,9%-дан аспайтын деңгейде сақтай отырып, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермейді.

  • 05.03.2021
  • 314
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика