• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ын цифрландырды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ын цифрландырды. Бұл туралы ведомство басшысы Серік Шәпкенов 2020 жылғы қызметтің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері және тағы басқа тараптар қатысты.

Серік Шәпкенов өз сөзінде 2020 жылдың соңына қарай Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша елеулі нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

«Біз қызметтерді 91%-ға цифрландырдық, 44 қызметтің 40-ы электрондық, оның 18-і проактивті түрде ұсынылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 12,4 млн. қызмет көрсетілді, оның 7,8 миллионы электрондық қызметке жатады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестері цифрландырылатын болады », - деді министр.

Сонымен қатар, ол Еңбекмині Әлеуметтік қызметтер порталын дамытуды жалғастыратынын атап өтті. Осылайша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік туады. Порталда техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің тізімі біртіндеп кеңейіп келеді, тауарлар мен арнайы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер саны өсуде, 2023 жылдан бастап инватакси қызметі ресурсқа көшеді.

«Сонымен қатар, біз Цифрлық отбасы картасын құрумен айналысудамыз. Жоба өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды автоматты түрде анықтауға бағытталған және бұл азаматтарға әртүрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін әлеуметтік қолдаудың белсенді кешенді шараларын ұсынуға мүмкіндік береді. Цифрлық әлеуметтік карта отбасының әл-ауқатының деңгейін болжауға қабілетті. Осылайша, жүйе оған енгізілген алгоритмнің арқасында азаматтардың көмекке жүгінуін күтпестен өмір сүру сапасын жақсартуға және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қатысты алалауды болдырмауға көмектеседі», – деп нақтылады Серік Шәпкенов.

Бұдан басқа, Еңбекмині Электрондық еңбек биржасы порталын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ресурста жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін көрсететін жаңа сервистер іске қосылды. Облыс орталықтарының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың тұрғындары үшін жұмыс іздеушілерді және жұмыссыздарды тіркеу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберу (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы), ерікті қоныс аударуға көмектесу сияқты қызметтерді қашықтықтан ұсынуға жағдай жасалады.

2020 жылдың қарашасынан бастап, 14,5 мыңнан астам адам қашықтықтан қызмет алу мүмкіндігін пайдаланды. 11,7 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алып, 3,4 мың адам мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді.
1,6 мыңнан астам жұмыссыз адам жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алуға өтініш жіберді, олардың 80%-ын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мақұлдады.

2020 жылы портал арқылы 629 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның 66% -ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

  • 05.03.2021
  • 400
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика