- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Елорданы абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз
Елорданы абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз.
✅Биыл қалада тағы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар және т.б.) отырғызамыз. Біз қаланың барлық ауданын, оның ішінде мәдени және спорттық нысандардың, білім беру нысандарының және т.б. маңындағы аумақтарды көгалдандырамыз.
✅Биыл 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз. Мәселен, аталған жұмыспен қаланың оң жағалау бөлігіндегі тарихи көшелерді, вокзал маңы аумағын, Есіл өзенінің жағалауын, «Мыңжылдық» аллеясын, иллюзия саябағын және т.б. қамтимыз.
✔️Иллюзия паркі (Сарыарқа ауданы, Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысы) қала тұрғындары мен жастар үшін демалуға және уақытты қолайлы өткізуге арналған жаңа тартымды орталыққа айналады. Саябақта кез келген жастағы тұрғындардың ыңғайына келетін серуендеу орындары, спорт және ойын алаңдары, сол сияқты жүгіру жолақтары бар. Жаңартылған саябақтың басты ерекшелігі – заманауи скейт алаң. Аумақтың жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метрді құрайды.
✔️Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралығында ескі үйлер мен заңсыз сауда нысандарын бұзғаннан кейін жаңа қоғамдық кеңістік бой көтереді. Алаңның ауданы 10,5 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда ағаштар мен бұталарды отырғызып, тротуарлар орнатамыз. Сондай-ақ, Ақбұлақ өзенінің арнасын тазарту жұмысы жалғасады.
✔️Сонымен қатар, біз цифрландырылған ағаштарды төлқұжаттауды және жүйелі есепке алуды жүргіземіз әрі QR кодтарын енгіземіз. Осы арқылы тұрғындар ағаш туралы ақпараттан хабардар бола алады, ал проблема бола қалған жағдайда қалалық органдарға хабарлай алады.
- 05.05.2025
- 22