• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Жамбыл облысындағы ветеринариялық қызмет сапасымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысындағы ветеринариялық инфрақұрылымның даму барысымен танысты.

«2024–2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін арттыру жөніндегі жол картасы» аясында өңірде заманауи, қолжетімді әрі тиімді ветеринариялық желіні қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. 2024 жылдан бастап 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде, олардың бір бөлігі пайдалануға берілді. 2025 жылы тағы 20 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Айдарбек Сапаров 2025 жылдың наурыз айында пайдалануға берілген, үлгілік жоба бойынша салынған жаңа ветеринариялық пункттердің бірін аралады. Нысан мемлекеттік ветеринариялық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарға толық сай келеді.

Қызмет көрсетуге арналған цифрлық жүйе енгізілген: ауылдық округ тұрғындары №1 үлгідегі ветеринариялық анықтамаға өтінімді Torttulik мобильді қосымшасы арқылы беріп, құжатты сол жерде ала алады. Бұл қызмет көрсету уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ветеринариялық пункт аумағында малдарды бекітіп, емдеуге арналған алаңдар (расколдар), сондай-ақ малды санитарлық өңдеуден өткізуге арналған ванналар жабдықталған. Бұл элементтер көктем мен күздегі орталықтандырылған алдын алу шаралары аясында қолданылады және ветеринариялық көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Министр ауылдық жерлердегі ветеринариялық қызмет сапасын арттыру — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Ветеринариялық қызметті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажет. Бұл жануарлардың денсаулығына, өнім қауіпсіздігіне және ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тікелей әсер етеді», — деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, 2024 жылы еліміз бойынша 223 ветеринариялық инфрақұрылым нысаны салынды, оның ішінде 113 ветеринариялық пункт, 82 мал қорымы және 28 мал сою пункті бар. Жыл соңына дейін тағы 758 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған — олардың қатарында 428 ветеринариялық пункт, 233 мал қорымы және 97 мал сою пункті бар.

  • 05.05.2025
  • 24
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика