- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуы туралы мәселесі талқыланды
Бүгін қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, бұқаралық спортты дамыту жоспарлары және ономастикалық атау беруде, аурулардың алдын алуда, бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.
Білім басқармасының басшысы Г. Сүлейменова оқу жылының аяқталуына орай нысандарды ағымдағы жөндеу, жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Биылғы оқу жылының аяқталу мерзімі 23 мамырға белгіленуде. Бүгінде жалпы 290 мектепте 271 316 оқушы білім алуда. Аттестат тапсыру рәсімі мектеп қабырғасында өтеді. Сондай-ақ 240 516 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған.
- 06.05.2025
- 16