• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және ҰОС Жеңісінің 80 жылдығымен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Ол отандастарымызға бейбітшілік, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

 «Қазақстанда Отан қорғаушылар күнін ең маңызды және есте қаларлық күндердің бірі – Жеңіс күні қарсаңында атап өтуіміз кездейсоқ емес. Бұл айтулы күндер бейбіт күннің құндылығын, өткеннің ерліктерін және болашақ алдындағы жауапкершілікті ұғындырып, ұрпақтарды біріктіреді. Біз Отанымызды қорғаған азаматтардың барлығына және қазіргі күні оның қауіпсіздігін қорғау үшін қызмет етіп жүрген барша әскери жандарға құрмет пен ризашылығымызды білдіреміз.

Бұл ретте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді. Сіздердің қиын-қыстау жылдары танытқан ерліктеріңіз бен жанқиярлық істеріңіз барша қазақстандықтардың жүрегінен орын алды. Сіздер жерімізде бейбітшілікті сақтауға баға жетпес үлес қостыңыздар. Сіздердің ерліктеріңіз жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік және тарихқа құрметпен қарауды терең сіңдіруде берік рухани іргетасқа айналды.

Соғыс жылдарында майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен өзге де әскери құралымдар құрылды. Ерлікпен көзге түскен жүз мыңдаған отандасымыз ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт қазақстандық екі мәрте Батыр атағын алды. 110 адам үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Отанын қорғауға аттанған әрбір екінші адам өкінішке қарай майдан даласынан қайтып оралмады – олар шайқаста ерлікпен қаза тапты, алған жарақатынан қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті. 

Барша қазақстандықтар бейбітшілік пен еркіндік үшін өмірлерін берген батырларымызды ұмытпауға тиіс!

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқандардың барлығына, сондай-ақ бүгінгі Отан қорғаушыларымызға зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тілеймін. Аспанымыз әрқашан ашық болсын, әр үйде бақыт пен шаттық орнасын!» – делінген  Светлана Жақыпованың құттықтау сөзінде.

  • 06.05.2025
  • 15
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика