- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
М.Тілеуберді Женевадағы Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның отырысында сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 22 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Женевадағы Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның жоғары деңгейлі сегментінде видео форматта сөз сөйледі.
ҚР СІМ басшысы өз сөзінде ядролық қарусызданду мәселелері халықаралық қоғамдастық үшін тұрақты басымдық болып қала беретінін атап өтті және осының дәлелі ретінде Ядролық қаруға тыйым салу шартының (ЯҚТСШ) күшіне енуі аталған мәселенің маңыздылығын растайды.
Қазақстанның ЯҚТСШ ережелерін құптауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарусыздану бастамаларына негізделген. Осы ретте оның Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем жолындағы көшбасшылардың жаһандық альянсын құру ұсынысы аса өзекті.
М. Тілеуберді 29 тамызда аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30-жылдық аясында Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының үшінші марапаттау рәсімін өткізу жоспарымен бөлісті.
ЯҚТСШ өз кезегінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартын (ЯҚТШ) толықтырады. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту мен шектеу шаралары туралы шарттың ұзартылуын аталған елдердің ядролық қарусыздану ісіне бейілділігінің айқын көрінісі ретінде құптады.
Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның жұмысына қатысты М.Тілеуберді форум шеңберінде ядролық қарусыздану, ядролық материалдарды әскери мақсаттарға өндіруді тоқтату, ғарыш кеңістігінде қарулану жарысын болдырмау, ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге теріс қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселелері Қазақстан үшін басымдықтар қатарында қалатынын атап өтіп, және форум қатысушыларын аталған мәселелер бойынша мазмұндық жұмысты бастауға шақырды.
Бүгінгі жағдайда Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенциясын (БҚК) орындау өзектілігін ерекше атай отырып, СІМ басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беру міндетімен Биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық агенттік құру туралы ҚР Президенті Қасым- Жомарт Токаевтың бастамасын өрбіту мақсатында оны барлық мүдделі мемлекеттермен егжей-тегжейлі талқылау үшін арнайы жұмыс құжаты дайындалатынын хабарлады.
- 05.03.2021
- 222