- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
2025 жылы 177 мыңнан астам студент Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуын аяқтайды
Бүгін, 20 мамырда, ҚР Үкіметі отырысына ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысып, еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы туралы баяндады.
Бүгінгі таңда республикада 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 10 зерттеу жоғары оқу орны және 23 шетелдік университет филиалдары бар. 2024-2025 оқу жылында азаматтық жоғары оқу орындарында 680 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде 624 500 бакалавриатта, 39 200 магистратурада, 7 600 докторантурада және 8 900 резидентурада білім алып жатыр.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрінің айтуынша, биылғы ЖОО түлектерінің саны 177 586 адамды құрайды. Оның ішінде бакалавриат бойынша 149160, магистратура, резидентура – 26093, докторантура – 2333 адамды құрайды.
«Түлектердің басым бөлігі келесі бағыттар бойынша маманданды. Педагогикалық мамандықтар бойынша – 48 428, бизнес, басқару және құқық – 24 666, инженерлік ғылымдар – 24 320, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 13 393, денсаулық сақтау – 10 300 және ауыл шаруашылығы – 1 776 студент», – деді вице-министр.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../sci/press/news/details/999766...
- 20.05.2025
- 28