- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте техникалық реттеу және метрология саласындағы проблемалар, халық үшін қауіпті учаскелер мен нысандар, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағын дамытудың 2025–2028 жылдарға арналған жоспары талқыланды.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б. Есқараев саладағы өзекті мәселелерді баяндады. Былтыр жалпы саны 600 бақылау жұмысы жүргізіліп, 467 жағдайда заңбұзушылық анықталған, орындалуы міндетті ұсынымдар мен нұсқамалар берілді. Заңнама аясында 8 150 860 теңге көлемінде әкімшілік жазалар қолданылды және олардың барлығы мемлекеттік бюджетке аударылды. Қала әкімі халықтың қауіпсіздігін қамту бағытындағы кешенді шараларды күйшейту бойынша бірқатар тапсырма беріп, қажет жағдайда әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М. Керімжанов адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жер телімдері мен нысандар бойынша баяндама жасады. Басқарма тарапынан бұл бағытта мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы - 21 аумақ, оның ішінде Абай ауданында - 9, Әл-Фараби ауданы - 2, Еңбекші ауданы-1, Қаратау ауданында - 5, Тұран ауданы - 4 аумақ анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне жолданды. Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде атқарып, түсіндірме шараларын күшейтуде тапсырмалар берді.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Б.Орынтаев «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағын» дамытудың 2025–2028 жылдарға арналған жоспарымен бөлісті. Бүгінде шетелдік зообақтардан жануарлардың жаңа түрлерін жеткізуде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ғ.Әбдімәжитұлы жауаптыларға жануарларды талапқа сай күтіп-бағуды ескертіп, аумақты абаттандыруда нақты тапсырмалар берді.
- 21.05.2025
- 7