- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесуі туралы
Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесу өтті. Мен екі елдің құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара әрекеттесуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ тарапының сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірдім. Өз кезегінде сауд дипломатиялық корпусының басшысы біздің елдер арасындағы дәстүрлі жоғары сенім мен өзара түсіністік деңгейін атап өтіп, оның бірлескен тиімді өзара әрекеттесуге бейілділігін растады. Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау мәселелерін талқыладық. Кездесу қорытындысы бойынша біз өзара қарым-қатынастардың қол жеткізілген деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, оларды өзара мүдделі барлық салаларда одан әрі дамытуға ниет білдірдік.
- 21.05.2025
- 10